«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 14.11.2016
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13068 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жояды 2016 жылғы 14 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен бекітілген
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) болып табылатын банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Жүйе пайдаланушылардың нұсқауларын көпжақты клирингтеу жолымен оның қатысушылары (пайдаланушылары) арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі болып табылады.
Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару жүйеде оның пайдаланушыларының банкаралық ақша аудару жүйесінде (бұдан әрі – банкаралық жүйе) ақшаны пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
3. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиторлық iз – жүйеде электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу, жүйе бойынша ақпаратты Орталық және жүйе пайдаланушылары сақтайды;
Полная версия