Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1689 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар желілерін күзету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1010 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 481-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1689 қаулысымен
 бекітілген
Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидалары
1. Осы Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына (бұдан әрі - "Байланыс туралы" Заңы) сәйкес әзірленген және қолданыстағы телекоммуникация желілерінің сақталуын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қатынаудан және/немесе ақпараттың алынуынан байланыс құралдары мен жолдарын қорғау мақсатында телекоммуникация желілерін күзету, сонымен қоса күзету аймақтарын белгілеу тәртібін, сондай-ақ олардағы жұмыс режимі тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету және күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі
2. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары Қазақстан Республикасының жер заңнамасы мен "Байланыс туралы" Заңына сәйкес, ерекше талаптарда жерді пайдалану аймақтарына жатқызылады. Телекоммуникациялар желілерінің сақталуы күзетілетін аймақтарды белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
3. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтары мыналар үшін белгіленеді:
1) ормансыз учаскелерде елді мекеннен тыс орналасқан байланыс пен радиофикацияның жерасты кәбіл және әуе желілері - жер асты кәбілі трассасынан алыстағы немесе әуе желісінің шеткі сымының екі жағынан кем дегенде 2 метр қашықтағы, қосарлас тік желілермен анықталатын, сол желілердің бойындағы жер учаскесі түрінде;
2) су асты байланыс желісіндегі қызмет көрсетілмейтін жердегі және жер асты күшейткіш және регенерациялық бекеттер - күшейту және регенерациялық бекеттер құрылғысы ортасынан қашық тұрған немесе оларды бекіту шекарасынан кем дегенде 3 метр қашықтықтағы және жерге қосу контурынан кем дегенде 2 метр қашықтағы, тұйық желілермен анықталатын, жер учаскелері түрінде;
3) су асты кәбілдік байланыс желілері - қашықтықтығы 0,25 теңіз милі (0,4 шақырым) болатын теңіз кәбілі трассасынан және екі жағынан 100 метр қашықтықтағы өзен, көл, су қоймасы, каналдар (арықтар) арқылы өтпелердегі кәбіл трассасынан алыстағы, қосарлы ендіктермен анықталатын, су бетінен түбіне дейінгі барлық тереңдігі бойынша су кеңістігі учаскесі түрінде;
4) құбырлар каналдары трассасынан немесе қадағалау қондырғысынан екі жағынан да кем дегенде 2 метр қашықтықта алыс тұрған немесе әуе желісінің шеткі сымының екі жағынан кем дегенде 2 метр қашықтықтағы, қосарлы тікелей анықталатын, осы желілер бойындағы жер учаскелері түріндегі топыраққа салынған кәбілдік телефон кәрізі, құрышталған кәбілдер, тіректерге ілінген кәбілдік желілер және елді мекендерде орналасқан әуе байланысы және радиофикация желісі;
5) тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарының жертөлелері мен шатырындағы, қабаттардағы қалқандар мен қабат арасындағы өтпелердегі және де кәбіл трассасынан екі жағынан да кемінде 25 миллиметр қашықтықта тұрған, қосарлы тікелей анықталатын, ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғаларын бойлай салынған, кәбілдік байланыс желілері.
Полная версия
ИС BestProfi