Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2015
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 05.06.2015 жылғы № 408 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2005 жылғы 20 шілдедегi
 N 750 қаулысымен
 бекiтілген
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1416 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2013 жылғы № 771 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесi
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі, «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және мүгедектікті әрі еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеудің, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібін регламенттейді.
2. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін белгілеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама және/немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімдері медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүргізеді.
1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
2) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;
3) еңбек ету қабiлетiнен айырылу – қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айырылуы, оның дәрежесi айырылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынаста көрсетіледі (бұдан әрі - жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу);
4) кәсіп – арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі;
5) кәсіптік ауру – қызметкердiң өзінің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;
6) кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;
7) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;
8) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу;
Полная версия
ИС BestProfi