Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2009
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 190
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.07.2009. № 1102 Қаулысымен (24.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерінің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуінің тәртiбi:
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы бiлiм беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызмет көрсетуi жатады".
5-тармақтың үшiншi абзацында:
"2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";
"кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия