"Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 331 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7972 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департамент) көрсетеді.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету және тапсырылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz және Департаменттердің интернет-ресурстарына орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде департамент өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді;
3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан артық емес.
5) құжаттар рәсімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
1) құжаттар қабылданған күні, мемлекеттік қызметті алушы тапсырған барлық құжаттардың сканерленген көшірмелері бекітіле отырып, Департаменттің Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің деректер базасында, сондай-ақ жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі;
5) рәсімделген рұқсаттамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапқа Департамент директоры қол қойып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты тұлғаға беріледі;
6) рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап тіркеледі, мемлекеттік қызмет алушыға почта байланысы арқылы (жіберіледі) немесе қолма қол беріледі.
16. ҚФБ-ның кезектілігінің сипаттамасы мен әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдердің) тәртібі мен өзара әрекеттесуі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты
100 кВт-тан жоғары электрлік
қондырғыларды электр желілеріне қосуына
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша
Құжаттарды қабылдау, тіркеу. Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру (бір күн ішінде)
2
Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғаны айқындау, құжаттарымен танысу, (бір күн ішінде)
3
Қарар жазу, орындауға беру (бір күн ішінде)
4
Құжаттарды қарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапты рәсімдеу (9 жұмыс күнінен кешіктірмей)
5
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапқа қол қою (бір күн ішінде)
6
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапты почта байланысы арқылы (жіберу) немесе қолма қол беру (бір күн ішінде)
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты
100 кВт-тан жоғары электрлік
қондырғыларды электр желілеріне қосуына
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша