Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2014
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 13.03.2014 жылғы № 235 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 тамыздағы
 № 1133 қаулысымен
 бекітілген
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі - департаменттер) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға – (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Департаменттің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекетік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні ішінде. 
Полная версия
ИС BestProfi