Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 1226 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 173 Бұйрығын қараңыз
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 20 қыркүйектегі
 № 1226 қаулысымен
 бекітілген
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары
1. Осы Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі - жоба) – технологиялар, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешені;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға;
4) сыртқы сараптама – сарапшылық кеңес қарау үшін өтінімдерді іріктеу мақсатында үйлестіруші ұйымдастыратын, білімнің белгілі бір саласындағы мамандар өткізетін өтінімдер сараптамасы;
5) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес технологиялық бизнес-инкубациялау (бұдан әрi – ТБИ) қызметтерін алу үшін технопарк беретін қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
6) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТБИ қызметтерін алу үшін технопаркке өтінім ұсынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;
7) үйлестіруші – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
8) қызметтерді алушы – осы Қағидаларға сәйкес іріктеу нәтижесінде өтінімі бойынша ТБИ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдаған өтініш беруші;
Полная версия
ИС BestProfi