Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 859 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.05.2012 № 622 Қаулысымен (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы және 2-тармақтың 4) тармақшасы «тұрақты» деген сөзден кейін «және біржолғы» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия