«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТ ЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау, мақта нарығының мониторингін жүргізу мәселелері бойынша есеп беру мерзімдерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 917 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес «Есепке алу құжаттарының тізбесі менн ысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.07.2015 жылғы № 4-1/613 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есеп құжаттарының тізбесі мен есеп беру мерзімдері;
2) мақта өңдеу ұйымының мақта қабылдау пункттерiнiң болуы туралы есеп нысаны;
3) мақта өңдеу ұйымы ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі туралы есеп нысаны;
4) мақтаның сапасын айқындау үшін өндiрiстiк-технологиялық зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;
5) мақта өңдеу ұйымының есеп және есептiлiк құжаттарының болуы туралы есеп нысаны;
6) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктi ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі, зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;
7) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiндегі мақта өңдеу ұйымының есеп және есептiлiк құжаттарының болуы туралы есеп нысаны;
8) мақта тазалау зауыты мен мақта қабылдау пунктiнде карантиндiк, зиянды және аса қауiптi зиянды жәндiктерден зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу туралы есеп нысаны;
9) мақта өңдеу ұйымының кадрлармен қамтамасыз етiлгенi, жұмыскерлердің бiлiктiлiгi және тәжiрибесi туралы есеп нысаны;
10) мақта иелерiне мақта қолхаттарын беру туралы есеп нысаны;
11) мақта нарығының мониторингiн жүргiзу мәселелері бойынша есеп құжаттарының тiзбесi мен есеп беру мерзiмдерi;
12) мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң болуы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
13) мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң болуы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
14) шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапалық жай-күйі туралы есеп нысаны;
15) шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң барлық санаттағы шаруашылықтарда болуы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
16) шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң (мақта нарығына қатысушылардың) болуы туралы есеп нысаны;
17) мақта шығымдылығының болжамы туралы есеп нысаны;
Полная версия