Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.05.2012 № 622 Қаулысымен (29.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде: 
1-тармақтың 9) тармақшасында "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыдан" деген сөздер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының  62-бабында  көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi