Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 600 Қаулысы       
Редакция 07.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.06.2017 жылғы № 341 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (29094) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (30.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына:
Садырбеков                - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ғабит Амангелдіұлы          Әлеуметтік-экономикалық саладағы
                            заңдылықты қадағалау департаментінің
                            бөлім бастығы (келісім бойынша)
                            енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 600 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы          министрі, төраға

Құсдәулетов              - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы             вице-министрі, төрағаның орынбасары

Берекетов                - Қазақстан Республикасы
Махсат Берекетұлы          Әділет министрлігінің Халықаралық
                           шарттарды сараптау департаменті
                           директорының орынбасары, хатшы

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы          істер министрлігінің жауапты хатшысы

Калюжный                 - Қазақстан Республикасы Адам
Вячеслав Афанасьевич       құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының
                           басшысы (келісім бойынша)

Байжанов                 - Қазақстан Республикасы
Ғабит Жақыпбайұлы          «Сырбар» Сыртқы барлау
                           қызметі директорының бірінші орынбасары
                           (келісім бойынша)

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы             сақтау вице-министрі

Омаров                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы           спорт вице-министрі

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының
Махметғали Нұрғалиұлы      Білім және ғылым вице-министрі

Телебаев                 - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Тұрысбекұлы          Мәдениет вице-министрі

Шоқпытов                 - Қазақстан Республикасының
Андар Мәулешұлы            Қаржы вице-министрі

Қожан                    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Төлебай Әжібекұлы          Сотының судьясы (келісім бойынша)

Әбішев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемір Дәуітұлы          жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                           комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанат Қуанышұлы            министрлігі Криминалдық полиция
                           комитетінің төрағасы

Аюбаев                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мейрам Ақатұлы             министрлігінің Көші-қон полициясы
                           комитеті төрағасының орынбасары

Шаймерденов              - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ербол Шаймерденұлы         ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                           мұрағат комитеті төрағасының
                           орынбасары

Исаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғазы Шайхашұлы          қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Досполов                 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Сергей Долдаұлы            Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
                           бастығы (келісім бойынша)

Оспанов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы         министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
                           төрағасының орынбасары

Нұрахметова              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гауһар Сердалықызы         жанындағы Әйелдер істері және
                           отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
                           ұлттық комиссия хатшылығының бас
                           сарапшысы (келісім бойынша)

Аликова                  - Халықаралық көші-қон ұйымының
Әлия Ерсайынқызы           адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша
                           Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім
                           бойынша)

Байзақова                - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды
Зүлфия Мұхамедбекқызы      тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы
                           (келісім бойынша)

Морозова                 - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің
Галина Васильевна          президенті (келісім бойынша)

Рыль                     - «Қорғау-Астана» Жеке қоры директорының
Анна Игоревна              орынбасары (келісім бойынша)

Штеффен Букмайер         - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
                           ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы
                           орталығының адам құқықтары жөніндегі
                           кеңесшісі (келісім бойынша)

Шорманбаева Айна         - «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық
                           қорының президенті (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi