Близость слов: Окончание:





Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 Қаулысы
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесіндегі қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрылсын.
1) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимылдарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік  құқықтық  актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілі өнімдерді (аудио-, бейне өнімдерді, компьютерлік-ақпараттық жеткізгіштерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар таңбаларын) өндіруді және таралуын болдырмау жөніндегі шараларды анықтау, дайындау және іске асыру;
4) ведомствоаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдерді өндіру мен таратуға қарсы іс-қимыл саласында күш-жігерді үйлестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5) зияткерлік меншік саласындағы нарықтың қылмыстануына және қоғамдық қатынастарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.12.2010 жылғы № 1399 Қаулысымен (09.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларын отырыстарда тыңдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
3) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілерді және ғалымдарды қажеттілігіне қарай тартуға құқылы.
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.01.2012 жылғы № 12 Қаулысымен (30.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
11-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
12. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.12.2010 жылғы № 1399 Қаулысымен (09.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2011 жылғы № 600 Қаулысымен (22.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.01.2012 жылғы № 12 Қаулысымен (30.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2012 жылғы № 369 Қаулысымен (10.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (29.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)  
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2012 жылғы № 1661 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.07.2013 жылғы № 725 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1369 Қаулысымен (15.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
«Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
«Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойыиша)
Қазақстан агроөнеркәсіптік палатасы Селекционерлер және тұқым өсірушілер одағының төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды  қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)
«Қазақстанның интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімдер департаментінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Alatau IT City ақпараттық технологиялар паркін дамытуға ықпал ету қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі (келісім бойынша)
«Фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктерінің өкілі (келісім бойынша)
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының өкілі (келісім бойынша)
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қауымдастығының өкілі (келісім бойынша)
Патенттік сенім білдірілген өкілдер одағының өкілі (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi