Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 1183 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 27.01.2015 жылғы № 40 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. «Мұнай өндірудің және оның айналымының біртұтас дерекқорын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1009 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 430-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қағиданың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 10 қарашадағы
 № 1183 қаулысымен
 бекітілген
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2013 жылғы № 1287 Қаулысымен (10.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының, тасымалдаушының, терминалдың меншік иесінің мұнай өңдеу (мұнай-газ өңдеу) зауыты басшысының уәкілетті адамы (бұдан әрі – уәкілетті адамдар) ұсынатын тиісті ақпарат негізінде қалыптасқан мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай терминдер пайдаланылады:
1) диспетчер – мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) тасымалдаушы – мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) мұнай өңдеу зауыты – өңделген өнімдерді кейін ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін мұнай өңдеу мақсатында мұнайды қабылдайтын зауыт;
4) терминалдың меншік иесі – резервуар сипатындағы мұнай сақтауға арналған өнеркәсіп нысанын, сондай-ақ мұнайды көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және т.б.) немесе мұнай құбырына қабылдауға/тиеуге арналған платформаларын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылады.
2. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібі
3. Диспетчер мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын уәкілетті адамдар ұсынатын ақпарат негізінде қалыптастырады.
Полная версия
ИС BestProfi