«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10456 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармағының 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 аңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының, тасымалдаушының, терминалдың меншік иесінің мұнай өңдеу (мұнай-газ өңдеу) зауыты басшысының уәкілетті адамы (бұдан әрі – уәкілетті адамдар) ұсынатын тиісті ақпарат негізінде қалыптасқан мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай терминдер пайдаланылады:
1) диспетчер – мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мұнай өңдеу зауыты – өңделген өнімдерді кейін ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін мұнай өңдеу мақсатында мұнайды қабылдайтын зауыт;
3) тасымалдаушы – мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) терминалдың меншік иесі – резервуар сипатындағы мұнай сақтауға арналған өнеркәсіп нысанын, сондай-ақ мұнайды көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және т.б.) немесе мұнай құбырына қабылдауға/тиеуге арналған платформаларын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Полная версия