Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 880 Қаулысы      
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген қабылдау комиссиясының  өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыс комиссиясы қорытындысының нысанында:
       «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары _____________________________________  (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)» деген сегізінші абзац алынып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкілдері»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
       «8. Объектінің мынадай көрсеткіштері бар: ____________________  ____________________________________________________________________  (қуаты, өнімділігі, өндірістік алаңы, ұзындығы, сыйымдылығы және                                     т.б.)
       9. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері мынадай деректермен сипатталады: ____________________________________  _____________________________________________________________________
     (жоспарлау, қабаттар, негізгі материалдар мен конструкциялар,        инженерлік және технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша                    техникалық  сипаттамалар)»;
12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
       «Жұмыс комиссиясының шешімі __________________________________  ____________________________________________________________________                                (объектінің атауы)»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген қабылдау комиссиясы актісінің нысанында:
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«пайдалануға берiлетiн объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
       «11. Жабдық оны қабылдау туралы актіге сәйкес (актілер тізбесі осы актінің ____ қосымшасында келтірілген) орнатылған:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 маусымдағы
 № 880 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 15 қазандағы
 № 1328 қаулысымен
 бекітілген
Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекiтiлген жобаға сәйкес және пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей отырып, пайдалануға толық дайын болған кезде қабылдау;
2) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiндегі ұсыныстарымен, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң жарамсыздығы туралы қорытынды беру.
2. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге ғана қолданылады.
Қабылдау комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған күнiнен басталады және объектiнi қабылдау туралы актіге қол қойған күнінен бастап тоқтайды.
3. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
1) құрылысы аяқталған объектiнiң пайдалануға беруге дайындығын белгілеу және құжаттамалық түрде растау;
2) жұмыстарды орындаушының нормативтiк талаптарды, бекiтiлген жобаны сақтауы жөнiндегi болған ауытқушылықтар бойынша әрекеттерiн белгілеу және оларды мемлекеттік нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
3) iске қосылатын объектi қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) бекiтiлген жобадағы көрсеткiштерiмен сәйкестiгiн белгілеу;
4) тапсырыс берушіден (инвестордан, құрылыс салушыдан) немесе бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
4. Қабылдау комиссиясының міндетті құрамына мыналар кiредi:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі;
3) бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның не бас жобалаушының не жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), пайдалануға берiлетiн объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi.
2. Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері мен міндетті құрамы
5. Жұмыс комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:
1) Заңның 75-бабында көзделген мемлекеттiк қабылдау комиссиясының объектiлердің оларды қабылдауға толық дайындығына кешендi бағалау жүргiзуі;
2) технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзу;
3) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстарымен анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге объектiнiң пайдалануға беруге толық дайын еместiгi туралы лер беру;
4) кешендi бағалау нәтижелерi бойынша оның нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайын екендiгi туралы қорытындыны ресiмдеу.
6. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi дайындыққа кешенді бағалау жүргізу үшiн жұмыс комиссиясы тағайындалған объектiге ғана қолданылады.
Жұмыс комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi оны тағайындаған сәттен басталады және тапсырыс берушіге пайдалануға берiлетiн объектiнi кешендi бағалау бойынша объектiнiң пайдалануға беру дайындығы туралы көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытындыны бергеннен кейiн тоқтайды.
7. Жұмыс комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;
2) пайдалана бастауға объектiнiң дайындығын не дайын еместiгiн белгілеу;
3) бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
8. Жұмыс комиссиясының міндетті құрамына мыналар:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс беруші (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
2) бас жобалаушының не жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеушiнiң, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), объектiнiң бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 маусымдағы
 № 880 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 15 қазандағы
 № 1328 қаулысымен
 бекітілген
Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары
1. Осы Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектiлердi қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
2) жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган;
3) толық дайындық – ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электрлік техникалық аспаптар, ас үйдің газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілер.
Егер бекiтiлген жобада бұл көзделген жағдайда, онда толық дайындыққа кейіннен сатып алушылардың мүмкiндiктерi мен қалауы ескерiле отырып, орындалатын ішкi қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, ас үйдің газ және электр плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары орнатылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкiн.
Бұл ретте объект бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөлiктерiнде) iшкi әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиiс.
2. Қабылдау комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі
3. Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердiгер объектінің тапсыруға дайын екендiгi туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.
Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылдау комиссиясын құрады.
4. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімдері басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
5. Қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.
6. Бас мердігер салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.
7. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы қабылдау комиссиясынан қорытынды алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға бұзұшылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнiнде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
8. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.
9. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
лер мен айрықша пiкiрлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
10. Объектiнiң пайдалануға берілгені туралы актiге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектiнi пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледi.
Барлық қабылдау комиссиясының мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсi дайын құрылыс өнімiне мүлiктiк құқықты тiркеу кезiнде объектінің пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.
3. Жұмыс комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі
11. Объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрілмей жұмыс комиссиясы құрылады.
Жұмыс комиссиясы тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен (бұйрығымен) тағайындалады.
12. Бас мердігер объектілердің толық дайындығына кешенді бағалауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды жұмыс комиссиясына ұсынады.
13. Жұмыс комиссиясы жұмысының басталу және аяқталу күнiн тапсырыс беруші белгiлейдi.
Тапсырыс беруші осы хабарламаны жұмыс комиссиясы мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей барлық жұмыс комиссиясының мүшелеріне жұмыс комиссиясы жұмысының басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
14. Жұмыс комиссиясы жұмысының нәтижелері қорытындының белгіленген нысаны бойынша ресімделеді.
Барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қояды.
лермен айрықша пiкiрлері бар жұмыс комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
15. Объектіні пайдалана бастауға дайын еместігі туралы  алған кезде тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) бас мердігердің атына  жібереді.
Бас мердігер ді жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.
лер жойылған кезде бас мердігер тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) олардың жойылғаны туралы нәтижелерді ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi