1. Мына учаскелерге:
Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2008
Шетелдiк инвестицияларды тарту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 21 қазан 1992 ж. N 313-ө
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 04.05.2008 № 406 Қаулысымен. (21.10.1992 жылғы редакцияны қараңыз)
Нашар зерттелген аумақтардың, аса тереңде жатқан қабаттардың мұнайлылығы мен газдылығының келешегiн бағамдауды жеделдету және республиканың мұнай-газ әлеуетiн шетелдiк озық техника мен технологияны қатыстыра отырып игеру үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында:
Батыс Қазақстан облысында:
Көлемi 2795 шаршы шақырым Каменка учаскесiне
Көлемi 5840 шаршы шақырым Шынар учаскесiне
Ақтөбе облысында:
Көлемi 12190 шаршы шақырым Байғанин учаскесiне конкурс жариялансын.
2. Қазақстанның нашар зерттелген орталық аудандарында /Торғай ойпаты мен Теңiз ойпатының терiстiк бөлiгi/ шетелдiк инвестицияларды қатыстырып алдын ала жүргiзiлетiн геофизикалық жұмыстар жүзеге асырылып, кейiн бұл аумақтарда аталған жұмыстарды қаржыландыруға қатысқан фирмалар арасында конкурс өткiзiлсiн.
3. Ашық конкурс өткiзу және геологиялық барлау жұмыстары жөнiндегi әрiптестi таңдап алып, кейiн анықталған мұнай-газ кен орындарын өнiмдi бөлу шарттары /продакшен шеринг/ негiзiнде игеру жөнiндегi Ұйымдастыру комитетi /қосымшаға сәйкес/ құрылсын.
4. Ұйымдастыру комитетiне конкурсты өткiзу кезiнде пайда болатын барлық мәселелер бойынша шешiм қабылдау хұқы және материалдармен жұмыс iстеуге республикалық министрлiктерден, ведомстволар мен ұйымдардан мамандар, сондай-ақ шет ел фирмаларынан сарапшылар мен консультанттар қатыстыру жөнiндегi өкiлеттiк берiлсiн.
5. Ұйымдастыру комитетiне:
- 1992 жылғы I қарашаға дейiнгi мерзiмде конкурстық ұсыныстардың шарттарын әзiрлеп, оларда геологиялық барлау жұмыстарын тиiмдi жүргiзу, кен орындарын жайғастыру, аймақтық инфрақұрылымын дамыту, айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды көздеу;
- аталған аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, мұнай мен газ өндiру үшiн шетелдiк фирмаларды таңдап алу жөнiнде конкурс жариялау және конкурс шарттарын ықтимал әрiптестерге жiберу;
- шетелдiк инвестицияларды қатыстырып алдын ала жүргiзiлетiн геофизикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн орталық Қазақстанның нашар зерттелген аумақтарына /Торғай ойпаты мен Теңiз ойпатының терiстiк бөлiгi/ шет елдiң мұнай фирмаларының ынтасын анықтау;
- мұнай фирмаларын конкурсқа кеңiнен қатыстыру үшiн үстiмiздегi жылғы желтоқсан айында Хьюстон мен Лондонда аталған учаскелер жөнiндегi геологиялық-геофизикалық материалдарды таныстыру;
- конкурстың аяқталу мерзiмi 1993 жылдың 1 мамыры деп белгiлеу, алынған ұсыныстардың зерделенуiн 1993 жылдың 1 шiлдесiнде аяқтау және конкурс нәтижесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына табыс ету; - геологиялық-геофизикалық материалдар пакетiнiң мүдделi фирмаларға сатылуын қамтамасыз ету тапсырылсын. Премьер-министр Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 21 қазандағы N 313 өкiмiне Қосымша Конкурсты өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң Құрамы Бәйкенов Қ. Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары /төраға/ Қуандықов Б. М. - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары /төрағаның орынбасары/ Жандосов О. Ә. - Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасары /төрағаның орынбасары/ Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi Аймақов Б. Ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк бас салық инспекциясының бiрлескен кәсiпорындарға, шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдарға салық салу басқармасының бастығы Балжанов А. К. - "Қазақстанмұнайгаз" ұлттық мұнай компаниясының вице-президентi Баспаев I. Б. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Өнеркәсiп бөлiмiнiң аға референтi- байланыс жөнiндегi үйлестiрушi Бөлекбаев З. Е. - "Ақтөбемұнайгазгеология" өндiрiстiк-геология бiрлестiгiнiң бас геологы Қарабалин Ұ. С. - Қазақстан Республикасының Энергетика және отын министрлiгi басқармасының бастығы Маючий А. Ф. - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Москаленко Б. Н. - "Оралмұнайгазгеология" өндiрiстiк- геология бiрлестiгiнiң бас директоры Сарбөпин Қ. Е. - Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң орынбасары Сүлейменов М. К. - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Мемлекет және хұқ институтының директоры Тампаев Я. Т. - Ақтөбе облысы әкiмiнiң орынбасары
Полная версия