Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 16.03.2015 жылғы № 176 Бұйрығын қараңыз
Редакция 08.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 2-бабының 17) тармақшасына және 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
2) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
3) Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 11 қарашадағы
 № 1324 қаулысымен
 бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары (бұдан әрі - салық қызметі органдары) мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден тізбесі «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулысымен бекітілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар жөнінде ақпарат жинау арқылы жүзеге асырады.
2. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі – мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі – Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.05.2013 жылғы № 457 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Салық комитетіне салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.05.2013 жылғы № 457 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етiлген күнi болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi