«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 193 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) әуе кемесi (бұдан әрі – ӘК) – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
2) дәлелдемеу құжаттамасы – авиациялық техникаларды тексеру, сынау, зерттеу мен техникалық жай-күйін бағалау нәтижелерін қамтитын құжаттама;
3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің данасын (бұдан әрі – АӘКД) сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;
4) дайындаушы – ӘК дайындауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
5) ӘК түрлендіру – ӘК-нің қабылданған конструкциясын және (немесе) олардың ұшу жарамдылығына елеулі әсерін тигізетін немесе қоршаған ортаға әсер ететін сипаттамаларын қозғайтын құрамдастарын кез келген түрде өзгерту;
6) ұшуға жарамдылық нормалары (бұдан әрі – ҰЖН) – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапаларына және олардың құрамдастарына қойылатын талаптар;
7) әзірлеуші – авиациялық техниканы әзірлеуді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Полная версия