1. Қоса беріліп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2009
Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу Ережесін және Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2412
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.11.2009 № 706 бұйрығымен. (26.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының негізінде халықтың жұқпалы және паразиттік ауруларының есепке алынуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу Ережесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары, республикалық медициналық ұйымдардың басшылары мыналарды қамтамасыз етсін:
1) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда жұқпалы және паразиттік аурулардың тіркелуі мен есепке алынуын жүргізуді;
2) осы бұйрыққа сәйкес аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шұғыл хабарламалар мен есептер беруді.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері халық арасындағы жұқпалы және паразиттік аурулар туралы есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қолданысқа енгізеді.
Министрдің м.а.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 479 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларын тіркеу мен есепке алу ережесі
1. Қазақстан Республикасының халқы арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) халықаралық статистикалық аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалар жіктемесін оныншы рет қайта қарауға сәйкес жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алуды реттеу мақсатында әзірленген.
2. Осы Ереженің күші меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан емдеу-алдын алу ұйымдарында қолданылады.
3. Халықтың арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу науқастың тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан науқасты тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
4. Емдеу-алдын алу ұйымдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жеке есепке алуға 1- қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген аурулардан басқа, осы қосымшаның 2-тармағына сәйкес жататын барлық жұқпалы және паразиттік аурулар жатады.
Эпидемиологиялық сипаттаманы қоса алғанда, жұқпалы аурумен ауыратын науқас туралы барлық медициналық деректер емдеу-алдын алу ұйымының ерекшелігіне сәйкес негізгі медициналық құжаттамаға енгізіледі ("Амбулаториялық науқастың медициналық картасына", "Балалардың даму тарихына", "Стационарлық науқастың медициналық картасына" және басқаларға). Міндетті түрдегі тәртіппен аурудың әрбір жағдайына N 025-2/у "Қорытынды (нақтыланған) диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон" нысаны немесе N 025-6/у "Амбулаториялық пациент талоны" нысаны толтырылады.
Жеке есепке алынуға жататын әрбір ауру жағдайына (күдікті), N 058/у нысаны бойынша хабарлама толтырылады, ол 12 сағат ішінде аурудың тіркелген жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі. Бұдан басқа, жедел тәртіппен телефон арқылы ақпарат беріледі.
Полная версия