Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2013
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.06.2013 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 наурыздағы
 № 316 қаулысымен
 бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
Бағдарлама жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1772 (30.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Бағдарламаның атауы        - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                      iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан                               халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы
                      922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан                               Республикасының 2020 жылға дейiнгi
                      Стратегиялық даму жоспары Қазақстан                               Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19                               наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген                               Қазақстан Республикасын үдемелi                               индустриялық-инновациялық дамыту                               жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған                               мемлекеттiк бағдарлама
Полная версия
ИС BestProfi