Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 7-1/68 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.10.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2331 қаулысына
 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
2) бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;
3) жеке нөмір – жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;
4) ветеринариялық бөлімше - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі;
5) тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары – жапсырмалар (іліктірілген көрнекі, радиожиілікті белгісі бар), чиптар, болюстар, таңбалар.
#$2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1146 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.
Республика аумағында орны ауыстырылатын барлық мал басы осы Ережеде белгіленген тәртіппен бірдейлендіріледі.
4. Жануарларды бірдейлендіру рәсіміне:
Полная версия
ИС BestProfi