«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес «Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2015 жылғы № 7-1/394 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса берiлiп отырған Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 қаулысымен бекітілген
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзiрленген және сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін белгілейді.
2. Ветеринариялық есепке алу мен есептiлiкті мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерінің эпизоотиялық, ветеринариялық-санитариялық жағдайының мониторингiн жүргізу және бағалау, ветеринариялық қағидалардың, сондай-ақ жүргiзiлетiн диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдiк, ветеринариялық-санитариялық және жою бойынша iс-шаралардың көлемi мен тиiмдiлiгiн сақтау мақсатында мынадай тұлғалар:
1) ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi (бұдан әрi – ЖАО бөлiмшелерi);
3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствосы) жүзеге асырады.
3. Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Ветеринариялық есептiлiкті жауапты тұлға толтырады және тиiстi мөрмен бекiтiледi.
5. Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi есептiлiктi мынадай тәртiппен табыс етедi:
1) селолық (кенттiк) округтердiң ЖАО бөлiмшелерi ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ұсынған есептердiң негiзiнде ветеринариялық есептiлiктi жинақтайды және есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың оныншы күнiнде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖАО бөлiмшелерiне береді;
2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖАО бөлiмшелерi ветеринариялық есептiлiктi айдың он бесiншi күнiне қарай облыстың ЖАО бөлiмшелерiне және есептiлiктiң екiншi данасын ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының тиiстi аумақтық бөлiмшесiне бередi;
Полная версия