Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7728 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө
 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары пайдалану шарттарына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының оған бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бірліктердің мөлшерін айқындау үшін өлшем құралдары қолданылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) ағын - отынның, шикізаттың немесе өнімнің белгілі бір түрі, оны бір немесе бірнеше қондырғыда пайдалану парниктік газдар шығарындыларына әкеліп соқтырады;
2) ағынды өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін есептеу үшін қолданылатын физикалық шама мәнін табу;
3) парниктік газдар шығарындыларын есепке алу - парниктік газдар шығарындыларын бақылау және басқару мақсатымен кәсіпорын қызметінің үдерісін бақылау және тіркеу жүйесі;
4) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін көрсететін физикалық шама мәнін табу. 
2. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібі
6. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеуді стандарттау келесі негізде жүргізіледі:
1) парниктік газдар шығарындылары мен ағындардың өлшемін орындаудың бекітілген әдістемелерін қолдану;
2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау үшін өздерінің әдістемелерін әзірлеуі және қолдануы.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемдерін орындауға тиісті әдістемелері болмаған жағдайда қондырғы операторлары ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі.» ұлттық стандарт талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Парниктік газдар шығарындыларын есепке алуды стандарттау ағындарды статистикалық есепке алуды стандарттау арқылы жүзеге асырылады.
10. Ағындарды статистикалық есепке алу кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жалпы көрінісін бейнелейді және отынның, шикізаттың немесе өнімнің мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу үшін қолданылады, оларды қондырғыларда жағу немесе қолдану парниктік газдар шығарындыларына әкеліп соқтырады.
11. Ағындарды статистикалық есепке алу мына негізде жүзеге асырылады:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын пайдалану;
2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 23-бабына сәйкес ұйымдардың стандарттарын әзірлеу және бекіту.
Полная версия
ИС BestProfi