Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 82 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.11.2014 жылғы № 1255 Қаулысына сәйкес
1. «Күдіктілерді, айыпталушыларды тегін тамақтандыру, оның ішінде жүкті әйелдер мен балалы әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, кәмелетке толмағандарды қамтамасыз ету нормаларын, сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға арналған тамақтандырудың заттай нормалары;»;
үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормалары;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілер мен айыпталушыларды тамақпен тегін қамтамасыз ету нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 82 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысымен бекітілген
Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың заттай нормалары
Күдіктілер мен айыпталушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормалары
| Р/с № | Азық-түлік атауы | Бір адамға тәулігіне, мөлшері (граммен) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | 1-сортты бидай ұны | 10 |
| 2 | 2-сортты бидай ұнынан пісірілген нан | 400 |
| 3 | Қара бидай ұны мен 1-сортты бидай ұны қоспасынан пісірілген нан | 350 |
| 4 | 1-сортты бидай ұнынан жасалған макарон өнімдері | 40 |
| 5 | Әртүрлі жарма барлығы: оның ішінде: | 120 |
| 1-сортты күріш | 20 | |
| 1-сортты жүгері | 10 | |
| 1-сортты қарақұмық | 20 | |
| 1-сортты сұлы | 20 | |
| 1-сортты арпа | 20 | |
| 1-сортты ұнтақ | 10 | |
| 1-сортты ұн | 10 | |
| 1-сортты көк ұсақ бұршақ | 10 | |
| 6 | Көкөністер барлығы: оның ішінде: | 970 |
| картоп | 600 | |
| жас ақ қырыққабат (ашытылған) | 130 | |
| басты пияз | 65 | |
| сәбіз | 95 | |
| жас қияр (тұздалған) | 20 | |
| жас қызанақ (тұздалған) | 20 | |
| қызылша | 40 | |
| 7 | Томат пастасы | 6 |
| 8 | Жеміс-жидек шырындары | 100 |
| 9 | Жас жеміс-жидектер (алма) | 75 |
| 10 | Цитрустық жемістер (лимон) | 15 |
| 11 | Кептірілген жеміс-жидектер (кептірілген алмалар) | 20 |
| 12 | Қант (құмшекер) | 80 |
| 13 | 1-санаттағы ет | 170 |
| 14 | 1-санаттағы тауық (жартылай тазартылған) | 40 |
| 15 | Қайнатылған шұжық | 8 |
| 16 | 1-санаттағы ішек-қарындарымен (бауыр, өкпе) | 4 |
| 17 | Бассыз жас (мұздатылған) балық | 110 |
| 18 | Тұздалған балық (майшабақ) | 10 |
| 19 | Пастерленген сүт (майлылығы 2,5%) | 100 |
| 20 | Сиыр майы (майлылығы 72% және одан жоғары) | 30 |
| 21 | 1-санаттағы тауық жұмыртқасы (дана аптасына) | 5 |
| 22 | Тазартылған күнбағыс майы | 30 |
| 23 | Жануарлар немесе аспаздық майлары | 10 |
| 24 | Түйіршектелген үнді шайы (1 сорт) | 2 |
| 25 | Кисель (ұнтақ) | 10 |
| 26 | Иодталған ас тұзы | 20 |
| 27 | Лавр жапырағы | 0,2 |
| 28 | Ұнтақталған бұрыш | 0,3 |
| 29 | Қыша ұнтағы | 0,3 |
| 30 | Сірке қышқылы | 2 |
| 31 | Картоп крахмалы | 5 |
| 32 | Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)* | 50 мг/адам/күн |
Полная версия

