"Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 610 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 желтоқсанда № 7346 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 01.07.2014 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 11.03.2014 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары К.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және шетелдіктерге тұруға ыхтиярхаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
3) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысының;
4) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының;
5) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысының;
6) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулысының;
7) «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысының;
8) «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркелу және шығу мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
5. Тұтынушыға Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталған нәтижесі болып табылады.
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны («АӨО» РМК) - құжаттарды дайындау.
1) шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты – шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат;
2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат;
3) формуляр (бұдан әрі - формуляр) – жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау үшін - қатаң есептегі бланк, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығымен (бұдан әрі - № 631 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7324 тіркелген) бекітілген 4-қосымшаға сәйкес тұлғаны сәйкестендіру мақсатында қолданылатын жеке деректер туралы ақпаратты тасымалдағыш болып табылады;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
8. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөліністері көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен және сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі Стандарттың 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясының бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және тұтынушы формулярдың түбіртегін алған сәттен бастап тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілгенге дейін 60 жұмыс күні;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу кезінде тұтынушының күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
3) шетелдіктің ұлттық паспортының жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі не оның жарамдылық мерзімінің өтуіне кемінде екі ай қалуы азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
6) шетелдікке Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің дайындығы туралы тұтынушыға көші-қон полициясының қызметкері телефон арқылы немесе жеке қабылдауында жеті жұмыс күн ішінде хабарлау, формулярды алфавиттік-анықтамалық картотекаға енгізу.
13. Көші-қон полициясы бөліністерінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
14. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда Стандарттың 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
18. Осы регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.
19. Осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтірілген.
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға жеке
куәліктер және қоныстану ыхтиярхатын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы 1-кесте. СФЕ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыстардың қозғалысы, ағыны)
1
3
4
5
6
2
ГОРОВД
УМП
КМП
КМП
3
ҚАІІБ тізілімін үш данада қалыптастыру, олардың біріншісі номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі мен үшіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
Формулярлардың толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімін төрт данада қалыптастыру, олардың бірінші данасы номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі, үшіншісі және төртіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
КҚПБ қабылданған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚПБ кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабына тіркеу
Формулярдың толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімге қосу, өтініш берушіні халықаралық іздеуде жүрген адамдарға деректер базасы бойынша тексеру
1. Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру
4. Формулярдың толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімін төрт данада қалыптастыру, олардың бірінші данасы номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі, үшіншісі және төртіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
5. КҚПБ қабылданған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚПБ кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабына тіркеу
8. Құжаттарды дайындау, оларды формулярлармен, дайындалған құжаттардың тізілімімен, жиынтық тізілімнің төртінші данасымен бірге КҚПК жолдау
2. Ф-1 өтінішін толтыру, дербес кодын, датасы мен қолын қою
11. Тізілімді жіберуге және жиынтық тізілімнің төртінші данасын номенклатуралық іске жинақтау
6. Ф-1 өтініштерін толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімге қосу, өтініш берушіні халықаралық іздеуде жүрген адамдарға деректер базасы бойынша тексеру.
3. ҚАІІБ тізілімін үш данада қалыптастыру, олардың біріншісі номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі мен үшіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
12. Дайындалған құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен, формулярлармен және ҚАІІБ тізілімінің үшінші данасын ҚАІІБ жолдау
7. Жиынтық тізілімнің екінші данасын номенклатуралық іске жинақтау, үшінші және төртінші данасын формулярлармен бірге РМК жолдау
13. Өтініш берушінің құжаттарды дайындау туралы хабарламасы
9. Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жолдауға қалыптастыру
14. Өтініш берушіге дайындалған құжаттарды беру және формулярын алфавиттік-анықтама картотекасына енгізу
10. Тізілімді жіберуге жолдама, дайындалған құжаттардың тізілімі, дайын құжаттар, формуляры жиынтық тізілімнің төртінші данасымен бірге КҚПБ жолдау
1. Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру
4. Формулярдың толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімін төрт данада қалыптастыру, олардың бірінші данасы номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі, үшіншісі және төртіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
5. КҚПБ қабылданған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚПБ кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабына тіркеу
2. Формулярды толтыру, дербес кодын, датасы мен қолын қою
8. Формулярларды ҚАІІБ жолдау
6. Формулярдың толтырудың негізділігі мен дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімге қосу, өтініш берушіні халықаралық іздеуде жүрген адамдарға деректер базасы бойынша тексеру
3. ҚАІІБ тізілімін үш данада қалыптастыру, олардың біріншісі номенклатуралық іске жинақталады, екіншісі мен үшіншісі формулярлармен бірге КҚПБ жолданады.
7. Негізсіз құжаттандыру фактісі анықталған кезде – формулярлар КҚПБ қайтару, іздеуде жүрген адамдар анықталған кезде – ІІМ Көші-қон полициясы комитетін және іздестіру бастамашысын ақпараттандыру
9. Формуляр жою, жою туралы актісін жасау және оны номенклатуралық іске жинақтау
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға жеке
куәліктер және қоныстану ыхтиярхатын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша