Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2010
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 385 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 02.03.2010 № 157 Қаулысымен (23.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
1. "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізілсін:
1) 1-тармақта:
"амбулаторияларды" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Клиникалық базалар мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай-ақ беріледi";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын aуpуханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 385 қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базалары:
Алматы көп бейiндi клиникалық ауруханасы
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Алматы қаласы
Денсаулық сақтау басқармасының N 1 перзентханасы, Алматы қаласы
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы N 5 қалалық перзентхана, Алматы қаласы
Денсаулық сақтау басқармасының N 1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы
Полная версия