Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2010
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 16 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 02.03.2010 № 157 Қаулысымен (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жығы 13 қазандағы N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 450-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
кiрiспесiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
бүкiл мәтiн бойынша ", бiлiм және спорт" деген сөздер алынып тасталсын; 
1-тармақтың екiншi абзацы "алмай-ақ" деген сөзден кейiн "және коммуналдық төлемдер өтелмей" деген сөздермен толықтырылсын; 
3-тармақтың екiншi абзацы "мамандықтары бойынша" деген сөздерден кейiн ", 2006/2007 оқу жылынан бастап "стоматология" және "шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесiнде: 
"Қазақ мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Ақмола өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; 
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық психиатриялық ауруханасы;  
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық онкологиялық диспансерi; 
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық терi-венерологиялық диспансерi; 
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық туберкулезге қарсы диспансерi; 
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң N 2 қалалық ауруханасы; 
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық перинатальдық орталығы; 
Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық балалар ауруханасы; 
Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай перзентханасы; 
Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансерi; 
Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық терi-венерологиялық диспансерi; 
Қостанай облысы әкiмдiгi Қостанай қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы; 
Қостанай облысы әкiмдiгiнің Қостанай қалалық ауруханасы"; 
"Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Айқап" отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясы"; 
"Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын: 
"Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң клиникалық базалары: 
"Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан қалалық орталық ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан қалалық балалар ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан туберкулезге қарсы диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан терi-венерологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық орталық клиникалық ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық перзентханасы;  
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау терi-венерологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық психо-неврологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық клиникалық ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң психоневрологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық офтальмологиялық ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық эндокринологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық туберкулезге қарсы диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық балалар ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық терi-венерологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық онкологиялық диспансерi; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 2 балалар ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 5 емханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 3 балалар емханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы; 
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы; 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының Оңтүстiк Қазақстан филиалы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi