Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2014
Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 11.03.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 21.01.2014 жылғы № 20 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.2013 жылғы № 487 қаулысымен (23.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
8) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.09.2012 № 1160 Қаулысымен; (28.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14) Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Полная версия