Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы N 1171 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 609 Қаулысына сәйкес «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.04.2015 жылғы № 222 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екі айдан артық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1213 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1171 қаулысымен бекітілген
Екі айдан артық мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі
1. Ішектің пенетрациясымен және ішектен қан кетумен асқынған іш сүзегі мен паратифтер
2. Сальмонеллездік септицемия
3. Ботулизм, асқынған түрі
4. Амебиаз, асқынған түрі
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс алу органдарының туберкулезі
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу органдарының туберкулезі
7. Басқа органдардың туберкулезі
8. Милиарлық туберкулез
9. Оба
10. Туляремия
11. Күйдіргі, өкпелік түрі
Полная версия