«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 172 Бұйрығын қараңыз
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 қаулысымен бекітілген
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) салалық конструкторлық бюро (бұдан әрі – СКБ) – материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
2) өтініш беруші – жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға;
3) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш;
4) тауар – СКБ қызметтерін көрсету нәтижесінде алушы дайындауға тиіс зат немесе заттар жиынтығы;
5) инжинирингтік қызметтер – өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндіру процесіне дайындау, жоба алды және жобалық қызметтерді (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық жұмыстар, басқа да сүйемелдеуші қызметтер) көрсету бойынша инженерлік-консультациялық қызметтер;
6) инфрақұрылым – ғимараттар, құрылыстар, технологиялық жабдықтар кешені, тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске, көлік құралдары;
7) сынақ – тауар қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын оған әсер ету нәтижесі ретінде сараптамалық айқындау;
8) өндірістің конструкторлық дайындығы – нақты дайындаушы кәсіпорынның сериялық өндірісі шарттарына қатысты конструкторлық құжаттамаларға бейімделу мақсатын көздейтін іс-шаралар кешені;
Полная версия