«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 125 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырылған «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген
«Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тұрғын үй ғимараттарына, әкімшілік мақсаттағы ғимараттарға, мәдени-ойын-сауық және спорттық-дене шынықтыру мекемелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) тұрғын үй – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;
2) тұрғын емес үй-жай – орта мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсат үшін пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);
3) жерүсті қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде жердің жоспарлы белгісінен төмен емес қабаты;
4) жертөле қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан астамы жердің жобаланған белгісінен төмен қабат;
5) цоколь қабаты – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан кемі жердің жобаланған белгісінен төмен қабат;
6) шудың рұқсат етілген деңгейі – бұл шуға сезімтал, адамның айтарлықтай мазасыздануын және жүйелер мен анализаторлардың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеруін болдырмайтын фактор деңгейі;
7) әкімшілік ғимарат – мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің, оның ішінде кеңселердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыстар;
8) мәдени-ойын-сауық мекемелері – конструкциясы мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін бейімделген әртүрлі сәулеттік талғамдағы құрылыстар;
9) халықтың жаппай демалыс орындары – қалалар құрылысының бас жоспарларында, аудандық жоспарлау және қала маңындағы аймақты дамыту схемаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды, туризм базаларын, халықтың ұйымдастырылған демалыс орындарын орналастыру аймақтарында бөлінген аумақтар (қалалық жағажайлар, саябақтар, спорттық базалар және олардың ашық құрылыстары).
Полная версия