Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 44-бабының 5-тармағына және 104, 111-баптарына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2009 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы мақсаттарын ұлғайту және 2009 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын 2010 жылы пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 150 Қаулысы
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2009 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы мақсаттары ұлғайтылсын.
2. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) тармақшадағы «3 702 354 223» деген сандар «3 734 263 617» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-721 000 000» деген сандар «-752 909 394» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «-721 000 000» деген сандар «-752 909 394» деген сандармен ауыстырылсын;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында «11 111 844» деген сандар «11 753 660» деген сандармен ауыстырылсын;
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша «6 410 699» деген сандар «7 052 515» деген сандармен ауыстырылсын;
029 «Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру» бағдарламасында «270 427» деген сандар «278 799» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру» деген жолда «270 427» деген сандар «278 799» деген сандармен ауыстырылсын;
033 «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту 70 070» деген бағдарламадан кейін мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
«
035 Қазынашылық объектілерін салу және реконструкциялау | 3 723 |
оның ішінде инвестициялық жобаларға: | |
Алматы облысы | |
Талдықорған қаласының қазынашылық ғимаратына құрылыс жалғастыру | 3 723 |
»;
036 «Салық заңнамасын өзгертуге байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту» бағдарламасында «677 501» деген сандар «884 341» деген сандармен ауыстырылсын;
«Салық заңнамасын өзгертуге байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту» деген жолда «677 501» деген сандар «884 341» деген сандармен ауыстырылсын;
040 «Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру» бағдарламасында «550 543» деген сандар «594 030» деген сандармен ауыстырылсын;
Полная версия