"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 26.07.2011
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 779 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.07.2011 № 859 Қаулысымен (06.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерінің жарамдылығы нормалары белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қыркүйектегі
N 779 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Осы әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының авиация техникасының осы заманғы жетістіктерін және оны пайдалану тәжірибесін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және әуе кемелерінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары мемлекеттік және салалық стандарттарды, техникалық тапсырмалар мен азаматтық авиация техникасы жөніндегі техникалық шарттарды әзірлеу кезінде мемлекеттік техникалық талаптар болып табылады. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптары авиация техникасын жобалау, өндіру, сынау, сертификаттау және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ведомстволарының), кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
1. Негізгі айқындамалар
1. Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормаларында мынадай терминдер мен айқындамалар қабылданды:
1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары (бұдан әрі - Нормалар) - ұшу қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемесінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын мемлекеттік техникалық талаптар бар құжат;
2) уәкілетті орган - өз құзырет шеңберінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
3) азаматтық ұшақтардың ұшу жарамдылығының нормалары жөніндегі комиссия - уәкілетті органның Қазақстан Республикасында әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін консультативті-кеңесу органы;
Полная версия