1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
Внимание! Документ утратил силу с 29.01.2011
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 желтоқсан N 1808
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 29.01.2011 № 41 Қаулысымен. (05.12.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Елде ЖҚТБ-ның таралу қарқынын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі осы Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында басқа мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп 2001 жылдың 30 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлесін.
3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі аймақтық бағдарламаны әзірлеу кезінде осы Тұжырымдаманы басшылыққа алсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың Тұжырымдамасы Кіріспе
Қазақстанда АҚТҚ-мен - жұқпалы аурумен күрес мәселесі 2000 жылға қарай әлемнің бүкіл елдерін дерлік қамтыған АҚТҚ/ЖҚТБ (адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышы/жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі) зобалаңына еліміздің тартылуы салдарынан пайда болды. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 1999 жылдың аяғында әлемде 53,1 миллион адам АҚТҚ-ны жұқтырған. Ауруды тіркеу басталған кезеңнен бері ЖҚТБ-дан 18,8 миллион адам өлген, оның 3,8 миллионы балалар. Бүгінгі күні жер шарында 34,3 миллион адам АҚТҚ-мен өмір сүруде, оның 1,3 миллионы 15 жасқа жетпеген балалар. Әлемдік зобалаң қарқыны өсе түсуде. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 1999 жылы АҚТҚ-ны 5,4 миллион адам жұқтырған, оның ішінде 2,3 миллионы әйелдер және 620 мыңы балалар. АҚТҚ-ны жұқтырған адамдар көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Еуропа, оның ішінде Балтық бойында және ТМД елдерінде: Украинада, Ресейде, Беларусьте, Қазақстанда, Әзірбайжанда, Арменияда, Молдовада, ал соңғы кездері Орта Азия республикаларында анықталу үстінде.
Қазақстан Республикасы ЖҚТБ індетінің даму деңгейі салыстырмалы түрде төмен елдер қатарына жатады. Дегенмен, елімізде АҚТҚ жұқтырумен байланысты жағдаяттар тұрақты болып қана қоймай, оның күшейе түсуі орын алып отыр. Екпе есірткіні қолданушылар саны жылдан-жылға өсуде, кездейсоқ жыныс қатынастарының саны ұлғаюда. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның жаза өтеу мекемелері жүйесінде таралу қаупі өсуде. Республикада тіркелген АҚТҚ көзіне айналған әрбір төртінші адам түзету мекемелерінде отырып шыққандар немесе қазіргі кезде сол жерде отырғандар. Қазіргі уақытта осы мекемелерде АҚТҚ көздерін оқшаулау тәжірибесі қолданылады. Алайда, еліккіш қауымдастықтарда АҚТҚ өсуіне және таралуына байланысты жаза өтеу жүйесі мекемелеріне АҚТҚ-ны жұқтыру мерзімі аз адамдар түсу ықтималдығы артуда.
2000 жылғы ақпанда Астана қаласында БҰҰ агенттігінің техникалық көмек беруімен Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне жауап шараларды стратегиялық жоспарлау жөнінде ұлттық семинар болып өтті, онда АҚТҚ-ны алдын алудың әлемде танылған тәжірибесіне сәйкес бұл жұмыстың басымдықтарын қайта қарау туралы шешім қабылданды. ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі іс-қимылдың бағыттарын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 76-ө өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық әріптестермен басым бағыттарды белгілеу жөніндегі өзара іс-қимылды үйлестіру міндеті Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне жүктелді.
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы алға қойылған, ең алдымен, іске асырылуы шұғыл өзгерістерді талап ететін (өзін ақтамайтын тәжірибелерден бас тарту жағына да, тиімді тәсілдерді күшейту және енгізу жағына да) мақсатқа қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің 2001-2005 жылдарға арналған басым бағыттарын белгілейді. ЖҚТБ-ның алдын алуға бағытталған негізгі қаржы қаражатты тап осы бағыттарға жұмылдыру көзделуде. Бұдан әрі осы Тұжырымдамада белгіленген бағыттар шеңберінде АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жөнінде тиісті бағдарлама мен іс-шаралар жоспары әзірленуі тиіс.
1. Басты мақсат, басшылыққа алар негізгі қағидаттар Басты мақсат - Қазақстанда АҚТҚ-ның - жұқпалы аурудың таралу қарқынын төмендету. Басшылыққа алар негізгі қағидаттар: ЖҚТБ-ның алдын алуға мемлекет пен қоғам күшін жұмылдыру; халықаралық және қоғамдық ұйымдармен кең ынтымақтастық; ЖҚТБ-ның алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру барысында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын көтермелеу, білім беру, хабардарлық деңгейін көтеру;
халықтың еліккіш топтарын қалған халыққа берілетін кепілдік деңгейінде базалық медициналық қызметпен қамтамасыз ету.
2. Басым салалар мен халық топтары
Қан құю қызметін жетілдіру АҚТҚ-ны жұқтырудың алдын алудың ажырамас бөлігі болып табылады. Донорларды өте мұқият іріктеу жүйесін жасау, қанның және оның препараттары қауіпсіздігінің жоғары дәрежесіне кепілдік беруші зерттеу технологиясын қолдану қажет. Індетті қадағалаудың әлдеқайда үнемді және ақпаратты технологияларын енгізу ахуалды бақылау үшін өте маңызды.
ЖҚТБ мәселесіне көзқарастарда Қазақстанда әлі де қолданылмай келе жатқан ЖҚТБ дамуын тежейтін қоздырғышқа қарсы ем жүргізу де көрініс табуға тиіс. АҚТҚ жұқтырған әйелдерге жүкті және туу кезінде баланың АҚТҚ жұқтырмай тууына көмектесу мақсатында тиісінше ақысыз медициналық көмек көрсетуді де қамтамасыз ету қажет.
Алайда, бүгінгі күні АҚТҚ таралуына белгілі бір ықпал жасамайтын осы және басқа да мәселелерді қарауға басқа жоспарлар мен бағдарламалар арналуы тиіс. Осы Тұжырымдамада АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша ахуалға жанама әсер ететін елге есірткілердің келуі мен олардың заңсыз айналу арналарын жабу, кедейлікпен күрес тәрізді кешенді мәселелер де қарастырылмайды.
Осы Тұжырымдамада Қазақстанда ЖҚТБ індетіне қарсы әрекет жөніндегі ұлттық іс-шаралар үшін адам мінез-құлқы саласы басым болып белгіленді. Қазіргі кезде Қазақстанда АҚТҚ-ның таралуы тап осы жағдаятпен байланысты.
Осыған орай басты күш-жігер АҚТҚ-ны жұқтыру тұрғысынан мінез-құлықтың зор қауіпсіздігіне қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Халықтың белгілі бір топтары үшін мынадай шаралар қолданылатын болады:
саналы мінез-құлықты таңдауды және саналы шешімдер қабылдауды іске асыру мақсатында ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелері бойынша тиісінше жеке дайындық пен хабардарлықты қамтамасыз ету;
неғұрлым қауіпсіз мінез-құлық таңдауға моральдық қолдау көрсету;
Полная версия