Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1166 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2013 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.07.2013 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде:
«9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды нысанын көздейтін мемлекеттік қызмет стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартында:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері» деген сөздермен толықтырылсын;
«қорытынды және тағы басқа» деген сөздерден кейін «не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын;
«нысаны» деген сөз «түрі» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «ақы төлеу нысанын» деген сөздер «ақы төлеу тәсілін (қолма қол немесе қолма-қол емес)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «күндер, сағаттар, үзілістер» деген сөздер «жұмыс күндері, сағаттар, үзілістер, демалыс күндері» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы екенін көрсету.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия