Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 Қаулысы
Атауға өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 662 Қаулысымен (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2013 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.07.2013 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 662 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 05 (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз).11.2010 № 1166 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.11.2011 № 1264 Қаулысымен. (05.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың атауын (мекенжайын) көрсету.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы).
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындарын (интернет-ресурс, call-орталық, қызу желі қызметі, тегін телефон анықтамасы қызметі және тағы басқа) көрсету.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі (анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды және тағы басқа не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауап) және оны ұсыну түрі (қағаз жеткізгіштегі, электрондық жеткізгіштегі құжат, мемлекеттік органның ақпарат жүйесіндегі мәліметтер және тағы басқа).
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеген, талон алған кезде, өтініш және электрондық сұраныс берген сәттен бастап және тағы басқа);
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған, сондай-ақ жедел қызмет көрсетілген жағдайда құнын, ақы төлеу тәсілін (қолма қол немесе қолма-қол емес), мемлекеттік қызметтің құнын (алымды, төлемді) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Жұмыс кестесін (жұмыс күндері, сағаттар, үзілістер, демалыс күндері) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсетіле ме (шарттары мен талаптарын көрсету).
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10. Қызмет көрсетілетін орынның жағдайларын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған тағандар) және тағы сол сияқты).
11. Қажетті құжаттар мен оларға қойылатын талаптардың түпкілікті тізбесін көрсету, соның ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін жеңілдіктері бар тұлғалар үшін.
12. Интернет-ресурсқа сілтемені не мемлекеттік қызметті aлу үшін толтырылуы қажет бланкілер берілетін орынды (өтініш нысандары және тағы сол сияқты) көрсету.
13. Толтырылған бланкілері, нысандары, өтініштері және мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты адамның интернет-ресурсына сілтемені не мекенжайын және кабинетінің нөмірін көрсету.
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен (28.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету.
18. Қызметтерді тұтынушыға қатысты мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызметті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық поштасының мекенжайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (саll-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда аппеляцияның жоғары тұрған инстанциясының, яғни осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың атауын және мекенжайын, шағым жасалатын лауазымды адамның электрондық поштасының мекенжайын, жұмыс кестесін, байланыс жасайтын деректерін көрсету.
23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым берілетін мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге ұйымдардың атауын, электрондық поштасының мекенжайын, шағым жасалатын лауазымды адам кабинетінің нөмірін, жұмыс кестесін көрсету.
23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы екенін көрсету.
Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.11.2010 № 1166 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
24. Шағым берген кезде қажет болатын ресми құжаттардың тізбесін көрсету (мысалы, ресми аппеляция немесе шағым үшін құжаттардың нысандары және басқалар).
25. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету.