Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2015
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 457 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері  бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 13 сәуірдегі
 № 457 қаулысымен
 бекітілген
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері
1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  8-бабына сәйкес әзірленді.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (13.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Критерийлер – концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
4. Мыналар концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері болып табылады:
1) мына:
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (13.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
2) мына:
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (13.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру.
Полная версия
ИС BestProfi