"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 496 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 496 қаулысымен бекітілген
Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашада және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (26.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы техникалық регламент қолданылатын барлық өнімдер және олардың Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) жіктемесі бойынша олардың коды осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (26.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:
1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа;
2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.
4. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру КО СЭҚ ТН кодтарын визуальді қарау, тұтыну орамында және ілеспе құжаттамада ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі.
Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:
1) сыртқы түрінің сипаттамасы;
2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);
3) шығару тәсілі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (26.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Өнімдерді сәйкестендіру үшін ақпараттар жеткіліксіз болған кезде органолептикалық бағалау мен өнімнің нақты түрлеріне нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізеді.
Полная версия