Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 13 ақпандағы N 79 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5159 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 18-06/1085 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 11.12.2015 жылғы № 18-02/178 Бұйрығын қараңыз
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы  N 1287 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2008 жылғы 13 ақпандағы
 N 79 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу ережесі 
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы  N 1287  және "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы  N 141  қаулыларын іске асыру мақсатында әзірленді және басты мақсатта пайдалану үшін кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін кесу және басқа да мақсаттарда пайдалану үшін кесу бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек босатудың жыл сайынғы көлемдерін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Піскен сүректердің қорларынан (кеспеағаш қоры) құрылатын басты мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек-бөлек белгіленеді. 
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін кесу тәртібімен сүрек дайындау орман орналастыру кезінде айқындалатын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін есепті кеспеағаш шегінде жүзеге асырылады.
3. Аралық мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша орманға күтім жасау үшін кесудің, іріктеп санитариялық мақсатта кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық функцияларын жоғалтып бара жатқан екпелерді қайта жаңартуға байланысты кесудің белгіленген нормаларын басшылыққа ала отырып, орман орналастыру материалдары бойынша айқындалады.
4. Басқа мақсаттарда пайдалану үшін кесу кезінде сүрек дайындау көлемі қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректерді бөліп көрсетіп, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жаппай санитариялық мақсатта кесу, құрылыс объектілері үшін орман алқаптарын тазарту, орман жолын тарту және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстардың көлемімен айқындалады.
5. Орман орналастыру жобаларына енгізілмеген санитариялық мақсатта пайдалану үшін кесу "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ағаш кесу ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы  N 141  қаулысына сәйкес ұсынылып отырған іс-шараларды негіздеп, табиғи және антропогендік сипаттағы жағдайлардың туындау фактілері бойынша тағайындалады.
6. Орман жолдарын тартуға және өртке қарсы орлар қазуға байланысты ағаш кесу орман орналастыру материалдары және (немесе) ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың бас жоспарлары бойынша тағайындалады.
7. Облыстар әкімдіктерінің Табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменттері (басқармалары) (бұдан әрі - департамент), сондай-ақ уәкілетті органның және өзге де орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерінің жиынтық материалдарын қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2. Облыстардың әкімдерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін қалыптастыру 
8. Облыстар әкімдіктерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер кеспеағаштар бөлу материалдарының және ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде департаменттерге жіберілетін орман пайдаланушылардың жазбаша өтінімдерінің негізінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерінің жиынтық материалдарын қалыптастырады.
9. Облыс әкімдігінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленуші беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды: 
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған департамент атына жолданған ілеспе хат; 
Полная версия
ИС BestProfi