Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2016
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7677 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 2 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 3-2/1078 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212
бұйрығымен бекітілген
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида
Қағида өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.09.2012 жылғы № 15-04/466 Бұйрығымен (26.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағида өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2014 жылғы № 3-2/320 Бұйрығымен (19.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Осы Қағида (бұдан әрi – Қағида), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдарымен берілген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжаттың тану тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Комитет) – асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, аумақтық бөлімшелерімен бірге асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның комитеті;
2) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;
3) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – осы Қағидамен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге, импортталған асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық куәлiгінің немесе оған балама құжатының сәйкестігін растау рәсімі;
4) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелімдi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарастыратын Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – келісуді жүзеге асыру үшін, импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжат үлгісін қарастыру құзыреті кіретін, жыл сайын Комитет немесе ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата (бұдан әрі - Палата) құратын алқалы орган;
Полная версия
ИС BestProfi