Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 769 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1520 Қаулысымен (22.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу  мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 12.02.2015 жылғы № 83 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1520 Қаулысымен (22.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 22 шілдедегі
№ 769 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1520 Қаулысымен (22.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін (бұдан әрі – сәуле шығару көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ядролық материалдармен және сәуле шығару көздерімен жұмыс iстеу, ядролық материалдар, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін экспорттау мен импорттау кезiнде оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау:
1) ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындау;
2) жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарына, халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыру, есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпарат беру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылау оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және түпкілікті көмгенге дейін, сондай-ақ олар жоғалған жағдайда оларды бақылауды қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.
5. Мемлекеттік есепке алуға және бақылауға:
1) құрамында уран-235, уран-233, плутоний мен торий изотоптары бар ядролық материалдар;
2) радиациялық сипаттамалары алу деңгейiнен асатын, оның ішінде құралдардың (бұйымдардың, қондырғылардың) құрамына кіретін иондаушы сәуле шығару көздерi жатады.
Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар, оның ішінде радиоизотопты құралдар құрамына кіретін сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау тәртібі сәуле шығару көздерін есепке алу тәртібі ретінде де, ядролық материалдарды есепке алу тәртібі ретінде де айқындалады;
Полная версия
ИС BestProfi