Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2023
Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8196 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және:
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) оториноларингологиялық көмекті ұйымдастыруды және көрсетуді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы (С.Ж. Жандаев) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі                       С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 16 қарашадағы
 № 801 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық
 көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі
 туралы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары кұлақ, мұрын және тамақ (бұдан әрі - ЛОР мүшелердің аурулары) аурулары бар науқастарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
3. Ересектер мен балаларға оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас оториноларинголог (республиканың, облыстық, қаланың) дәрігер маман үйлестіреді.
4. Оториноларингологиялық көмек Қазақстан Республикасында аудандық, қалалық, республикалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емханалардың оториноларингологиялық кабинеттерінде жүзеге асырылады.
5. Халыққа оториноларингологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.
6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.
Полная версия
ИС BestProfi