«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 31-бабының2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2017
Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 4 сәуірде № 6884 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.07.2017 жылғы № 136 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жариялаған күннен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысымен бекітілді
Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы
Осы Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 31-бабының 2-тармағына сәйкес банктік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банктік қызметтерді көрсету - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Банктер туралы Заңының 30-бабында белгіленген банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруы;
2) клиент – банктік қызметтерді көрсетудің тұтынушысы болып табылатын не банктік қызметтерді көрсетуді пайдалануға ниет еткен жеке немесе заңды тұлға;
3) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
2. Банк банктік қызметтерді көрсетуді Банктер туралы Заңына, осы Ережеге, сондай-ақ операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге және ішкі кредиттік саясат туралы ережеге сәйкес ұсынады.
Полная версия