Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.05.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.05.2017 жылғы № 306 Қаулысына сәйкес (26.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоба – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жоба;
2) жобалық кезең – тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен көміртегі бірліктерін беру жүргізілетін, жобаның іске асырылу мерзімі;
3) жоба мониторингінің жоспары – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің үздіксіз немесе мерзімді мониторингін немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге байланысты қызмет бойынша басқа да ілеспе деректерді жоспарлаудың жүзеге асырылуына негіз болатын құжат;
4) жобаға өтініш беруші – жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ауқымы аз жоба – қуаты 15 мегаватқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты не энергия тұтынуды жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде төмендете отырып, энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған не парниктік газдар шығарындыларын жобалық кезең ішінде көміртегі диоксиді баламасының 60 метрикалық килотоннасына дейінгі шекте азайтуға мүмкіндік беретін жоба;
2) әдеттегі жоба – ауқымы аз, байланысқан жоба болып табылмайтын, жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жатпайтын жоба;
3) жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жататын жоба – жер пайдалану не ормандылықты арттыру практикасын өзгерту арқылы іске асырылатын парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаның түрі;
4) байланысқан жоба – неғұрлым ауқымдырақ басқа жобаның құрауышы болып табылмайтын ауқымы аз бірнеше жобаны біріктіретін жоба.
4. Экологиялық кодекстің 94-10-бабының 2-тармағына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.
2-тарау. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларына сәйкес қарайды және мақұлдайды.
6. Жобаға өтініш беруші уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне сәйкес жобалық құжаттаманы және жоба мониторингінің жоспарын әзірлейді.
7. Жобалық құжаттама және жоба мониторингінің жоспары уәкілетті органға берілгенге дейін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның валидациялауына жатады.
8. Жобаға өтініш беруші жобалық құжаттаманы және жоба мониторингінің жоспарын олар валидацияланғаннан кейін уәкілетті органға ұсынады.
9. Уәкілетті орган жобаға өтініш берушіден құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоба бойынша шешім қабылдайды.
10. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қабылдайды.
11. Мынадай:
1) жобаға өтініш беруші ұсынған құжаттардағы мәліметтер толық емес, тиісті түрде дайындалмаған;
2) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның растауы болмаған жағдайларда, уәкілетті орган жоба бойынша теріс шешім қабылдайды.
12. Уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, жобаға өтініш берушіге тиісті хабарламаны не жобаны мақұлдамаған жағдайда, оны пысықтау қажеттілігі туралы шешімді бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
13. Уәкілетті орган мақұлданған жобаларды есепке алуды жүзеге асырады.
14. Мақұлданған жобалар туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мәліметтер:
1) жобаның атауы;
2) жобаға өтініш беруші туралы мәліметтер (Т.А.Ә., ұйымның атауы);
3) жобаны іске асыру болжанған орын;
4) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру көлемі көрсетіле отырып, орналастырылады.
15. Уәкілетті орган жобаға өтініш берушінің келісімі бойынша жобалық құжаттама мен жоба мониторингінің жоспарын өз интернет-ресурсында орналастырады.
3-тарау. Жобаларды іске асыру тәртібі
16. Жобаны іске асыруды осы Қағидаларда және уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларында белгіленген, жобаның нәтижелері бойынша мониторинг, жазба жүргізу және оны іске асыру туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) ұсыну жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жобаға өтініш беруші жүзеге асырады.
17. Жобаға өтініш беруші уәкілетті орган жобаны мақұлдағаннан кейін:
1) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру мониторингі;
2) есепті дайындау және уәкілетті органның бекітуі үшін оны верификациялауды қамтамасыз ету және шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы жобаны іске асыруды жүргізеді.
18. Парниктік газдар шығарындыларын жобалық азайту және сіңіру мониторингі уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.
19. Жобаны іске асыру кезінде ұсынылған жобалық құжаттамадан және жоба мониторингінің жоспарынан кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат есепте көрсетіледі.
Полная версия