Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 816 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1772 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде:
1) материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуға жіберу, бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу;
2) микрокредиттер мен шағын кредиттер (бұдан әрі - шағын кредиттер) беру;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) ұсыну;
4) шағын кредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады.
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шаралары, олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынысты аумақтардағы кенттерде іске асырылады.
Тірек ауылдық елді мекендер кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.
3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
2) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi