1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) мақұлдансын.
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 465 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (03.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, орталық атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар Тұжырымдамада көзделген ережелерді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын:
1) осы қаулы қабылданған сәттен бастап екі ай мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті шешімдер мен бағдарламалық және жоспарлық құжаттарды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдаманы басшылыққа алсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) 3-тармақтан басқа, "Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 9, 107-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж.,N 35, 466-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 465 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы
Кіріспе Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы электр энергетикасындағы 2009 жылдан бастап орташа мерзімді кезеңге және келесі жылдарға арналған нарықтық қайта құрудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында әзірленді.
Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды жетілдірудің мақсаттары:
1) электр энергетикасы саласының жұмыс істеу тиімділігін арттыру және жаңа қуаттарды құру мен жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту үшін инвестициялар тартуға жағдай жасау;
2) электр энергиясының көтерме сауда және бөлшек сауда нарықтарында айқын бәсекелес баға белгілеуді жасау;
3) нарықтың жұмыс істеуіне қажетті ақпараттық-техникалық инфрақұрылым құру;
4) электр энергиясы нарығын мынадай жолмен кеңейту:
қуаты 1 мегаваттан артық өңірлік тарату желілеріне қосылған тұтынушылардың электр энергиясының бәсекелес нарығында жұмыс істеуіне жағдай жасау;
Полная версия