Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 Қаулысы
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген
Микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдарына беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;
2) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акциясының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;
3) микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер;
4) микрокредиттік ұйым – "Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392 Заңында айқындалған тәртіппен микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) өңірлік комиссия – Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жергілікті атқарушы орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;
8) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия