Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi және микрокредиттiк ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметiнiң, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшелiктерiн белгiлейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2012
Микрокредиттік ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы N 392 Заңы
Осы Заң күшін жойды 15.12.2012 жылдан бастап ҚР 26.11.2012 № 56-V Заңына сәйкес
Редакция 10.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) кредиттiк досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микрокредиттiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер;
3) микрокредит - микрокредиттiк ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлік және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша;
4) микрокредиттiк ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микрокредит.
1-бап өзгертілді ҚР 08.12.2006 № 198 Заңымен (22.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Шаруашылық серiктестiгiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде микрокредиттiк ұйымдарға қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Микрокредиттерді беру
3-бап. Микрокредиттердi беру
1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредиттi берудiң тәртiбi мен талаптары микрокредиттiк ұйымның жоғары органы бекiткен микрокредиттердi беру ережелерiнде және микрокредиттi беру туралы шартта белгiленедi.
Mикрокредиттік ұйым өз қызметiн микрокредиттердi беру ережелерi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
Полная версия