Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.06.2019
Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысы
Қараңыз: ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төраға орынбасарының 13.12.2014 жылғы № НҚ-23/11250 Хаты
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 614 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (100.00-нысан );
2) декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және оны жасау қағидалары (101.01-нысан );
3) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және оны жасау қағидалары (101.02-нысан );
4) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны және оны жасау қағидалары (101.03-нысан );
5) резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны және оны жасау қағидалары (101.04-нысан );
6) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (110.00-нысан );
7) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (130.00-нысан );
7-1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны мен оны жасау қағидалары (140.00-нысан);
1-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.08.2013 жылғы № 874 Қаулысымен (30.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
8) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (150.00-нысан );
9) Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (200.00-нысан );
10) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (210.00-нысан );
11) жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (220.00-нысан );
12) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (230.00-нысан );
13) жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (240.00-нысан );
14) қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (300.00-нысан );
15) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары (320.00-нысан );
Полная версия
ИС BestProfi