Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.02.2011
Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қараша N 1762
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.02.2011 № 159 Қаулысымен. (22.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999/2000 оқы жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау жүргізілсін. 
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі бекітілсін. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
                          Қазақстан Республикасы
                                 Үкіметінің 1999 жылғы
                                    22 қарашадағы
                                   N 1762 қаулысымен
                                     бекітілген
       Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру          ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде             бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп                алдындағы даярлаудың ережесі 
1. Осы Ереже жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан мектеп жасына дейін білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және өзге де білім мекемелерінде 5-6 жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау (бұдан әрі - Мектеп алдындағы даярлау) мәселелерін реттейді. 
2. Отбасында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында немесе жалпы білім беретін мектепте мектеп алдында даярлау "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жүзеге асырылады. 
3. Мектепке дейін білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектепте мектеп алдындағы даярлаудың негізгі міндеттері: 
2) балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту; 
3) балалардың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық; 
4) оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзеу; 
5) баланың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. 
4. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер бес-алты жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлауды қамтамасыз етуге міндетті. 
5. Мемлекеттік білім мекемелерінде мектеп алдындағы даярлау тегін 
болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік 
бюджеттен қаржыландырылады.
     
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мектеп алдындағы сыныптары мен 
топтарында әлеуметтік көмекті қажет ететін тәрбиеленушілердің мүдделері 
міндетті түрде ескеріледі.
     7. Мектеп алдындағы даярлау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ Мектеп 
алдындағы даярлауға байланысты оқыту-әдістемелік мәселелерді Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретінің шегінде Қазақстан 
Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы айқындайды.
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.          
      
      
Полная версия
ИС BestProfi